Skip to main content

Құпия деректері туралы хабарлама

Құпия деректері туралы ақпарат

«WOERWAG PHARMA GmbH and Co.KG» өкілдігі сіздің жеке ақпаратыңызды қорғауға жауапты түрде қарайды және деректердің құпиялылығы туралы заңды қатаң түрде сақтайды. Жеке ақпарат осы сайтта тек техникалық жағынан қажетті көлемде ғана жиналады. Ақпарат үшінші тұлғаларға қандай да болса себеппен ешқашан сатылмайды және табысталмайды. Осы хабарламада қорғаныс қалай қамтамасыз етілетіні туралы шолу, сондай-ақ жиналатын ақпарат түрінің сипаттамасы бар.

Сайттағы деректерді өңдеу

«WOERWAG PHARMA GmbH and Co.KG» өкілдігі ақпаратты жинайды және Сіздің браузеріңіз бірге жіберетін сервердің файлдарында автоматты түрде сақтайды. Олар келесіні қамтиды:

  • Браузер түрі/нұсқасы
  • Операциялық жүйе
  • Сұратылған URL-мекенжайы
  • Соңғы қарау
  • Компьютер хостының атауы (IP-мекенжайы)
  • Сервер сұранысының күні мен уақыты

Осы деректер тұлғаға қатысты болмайды. Бұл деректер басқа деректер көздерімен біріктірілмейді, осыған қоса, статистикалық бағалаудан кейін деректер жойылатын болады.

Cookies
Интернет-сайттар cookie файлдары деп аталатын файлдарды пайдаланады. Олар біздің сайтымыз аса қолайлы, тиімді және қауіпсіз болуы үшін қызмет етеді. Сookie файлдары — бұл шағын мәтіндік файлдар, олар сіздің компьютеріңіздің Сіздің браузеріңізде сақталады. Біз пайдаланатын сookie файлдарының көбісі сіз шыққаннан кейін автоматты түрде жойылады. Cookies сіздің компьютеріңізге зиян келтірмейді және олардың құрамында вирустар жоқ.

Сыртқы іздеу жүйелерін пайдалану

Google Custom Search Engine ("Google CSE") «WOERWAG PHARMA GmbH and Co.KG» өкілдігінің орталық іздеу сервисі ретінде пайдаланылады. Біріктірілген іздеу қызметі «WOERWAG PHARMA GmbH and Co.KG» өкілдігінің ақпаратына толықмәтіндік іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іздеу өрісі осы сайтта Google Inc. компаниясымен ұсынылады. Сіз Google атынан (www.google.de/privacy.html ішінде) деректер құпиялылығының талаптары іздеу өрісі үшін қолданылатынын және іздеу өрісінің көмегімен Google компаниясы сіздің жеке деректеріңізді оның деректер құпиялылығының талаптарына сәйкес пайдалануын мақұлдайсыз және келісесіз.
 Егер осы рұқсатты бергіңіз келмесе, іздеу өрісін пайдаланбаңыз. Деректер сұранысты іздеу өрісі арқылы жіберген кезде ғана беріледі.

Google карталарын пайдалану

Карталарды көрсету үшін біз www.woerwagpharma.ru беттерінде Google карталарын пайдаланамыз. Google Maps Google Inc. арқылы басқарылады , 1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA, 94043, USA ("Google"). Сіздің IP-мекенжайыңызды қоса, осы веб-сайтты пайдалану туралы ақпарат Google карталарын пайдалану нәтижесінде Google компаниясына тапсырып берілуі мүмкін.
Google карталары бар біздің интернет-ресурсіміздің бетін қараған кезде сіздің интернет-браузеріңіз Google серверлерімен тура қосылуды орнатады. Картаның мазмұны Google-дан тура Сіздің браузеріңізге жіберіледі, ол оны веб-бетімен біріктіреді. Демек, Google осындай тәсілмен алатын деректердің көлеміне біздің ешқандай ықпалымыз жоқ.
Деректерді жинау мақсатында және көлемдері, сондай-ақ ақпаратты Google компаниясымен кейін өңдеу мен пайдалану, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз және сіздің құпиялылығыңызды қорғау параметрлерін теңшеу үшін, осыған байланысты Google құпиялылығының саясатын оқып танысуды өтінеміз: www.google.com/policies/privacy/
Google карталарын пайдалану шарттарын осында қараңыз: www.google.com/intl/de/help/terms_maps.html

YouTube плагиндерін пайдалану (бейне)

Бейнені біріктіру үшін біз YouTube провайдерлерін пайдаланамыз. YouTube арнасын YouTube LLC басқарады, оның штаб-пәтерінің мекенжайы: 901 Cherry Avenue, San Bruno, CA 94066, USA. YouTube арнасында өте көп ақпарат бар, штаб-пәтері: 1600 Amphitheatre Parkway, Mountain View, CA, 94043, USA.
Сіз осы плагинімен біздің сайтымыздың интернет-бетін ашқан кезде YouTube серверлерімен қосылыс орнатылады да плагин көрсетіледі. Сіз қараған веб-сайттары туралы ақпарат YouTube серверлеріне жіберіледі. Егер сіз жүйеге YouTube пайдаланушысы ретінде кірсеңіз, осы ақпаратты YouTube сіздің жеке тіркеу жазбаңызға қосады. Плагинді қолданған уақытта, мысалы, бейнені іске қосу батырмасын басқан кезде, бұл ақпарат та Сіздің тіркеу жазбаңызға қосылып жазылады. Біздің веб-сайтымызды пайдалану және cookie файлдарын жою алдында Сіздің YouTube пайдаланушысының есептік жазбасынан және басқа да YouTube LLC мен Google, Inc. есептік жазбаларынан шығып, осы атрибуцияны болдырмау мүмкіндігіңіз бар.
Деректерді өңдеу және құпиялылық хабарламалары туралы қосымша ақпаратты YouTube-тан көре аласыз (Google www.google.de/intl/de/policies/privacy/.

Google Analytics пайдалану

Бұл веб-сайт Google Analytics, Google Inc. веб-талдау қызметін пайдаланады. Google Analytics «cookies» деп аталатын файлдарды пайдаланады. Бұл мәтіндік файлдар, олар сіздің компьютеріңізде сақталған және Сіздің осы веб-сайтты пайдаланғаныңызды талдауға мүмкіндік береді. Сіздің осы веб-сайтыңызды пайдалану туралы cookie файлдарымен түрлендірілетін ақпарат әдетте АҚШ-на Google серверіне жіберіледі де онда сақталады. Бірақ IP-мекенжайларын жоюды белсендірген жағдайда осы веб-сайттағы Сіздің IP-мекенжайыңыз жойылады. Google осы ақпаратты сіз осы веб-сайтты пайдаланғаныңызды бағалау, веб-сайттың операторы үшін веб-сайттағы белсенділік туралы есептерді жасау және веб-сайт пен Интернетті пайдаланумен байланысты қосымша қызметтерді орындау үшін осы веб-сайттың операторына қатысты осы веб-сайттың операторы атынан пайдаланады. Сіздің браузерімен Google Analytics шеңберінде тапсырылған IP-мекенжайы басқа Google деректерімен біріктірілмейді. Сіздің браузеріңізде тиісті теңшелімді орнатып, Сіз cookies файлдарының сақталуына жол бермеуіңіз мүмкін. Бұл арада Сіз осы веб-сайттың барлық атқарымдарын толығымен пайдалана алмайтыңызға назар аударыңыз. Осыған қоса, cookie файлдары түзетін және Google үшін, сондай-ақ осы деректерді Google-мен өңдеу үшін веб-сайтты пайдаланғаныңыз негізінде (Сіздің IP-мекенжайыңызды қоса) деректерді жинауды болдырмауға мүмкіндігіңіз бар, ол үшін браузерге арналған плагинді жүктеңіз және орнатыңыз, ол келесі сілтеме бойынша қолжетімді (http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=de). Толық IP-мекенжайларымен талдау құралдарын пайдаланумен байланысты талқылау тұрғысынан осы веб-сайт «anonymiz» кеңейткіші бар Google Analytics-ті пайдаланатынын ескертеміз, сондықтан IP-мекенжайлары тек қиылған түрінде ғана жіберіледі. Арнайы мобильді құрылғылардағы браузерлер үшін, келешекте сіздің браузеріңіз үшін осы сайтта «cookie-ден бас тарту» атқарымының көмегімен Google Analytics-тің жасырын басып алуын болдырмау үшін осы сілтемені басуды өтінеміз.

«Мамандарға» бөліміне кіру

Сіз медициналық қызметкер болған жағдайда ғана біз сізге рецептік дәрі-дәрмектер туралы ақпаратқа қолжетімділікті бере аламыз. Осындай жағдайда біз Сіздің жеке деректеріңізді, сондай-ақ сіздің кәсіби қатыстылығыңызды сұраймыз.

Байланыс түрі

Сіздің сұранысыңызға жауап беру үшін бізге сіздің жеке ақпаратыңыз керек. Ақпаратты сақтау үшін келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуыңызға болады.

Ақпаратқа арналған құқық

Сіздің кез келген кезде сақталған дербес деректер туралы ақпаратты, оның дереккөзі мен алушылары, сондай-ақ оларды сақтау мақсаттары туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығыңыз бар.
Сіздің сеніміңіз біз үшін өте маңызды. Осы себептен біз сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуге қатысты кез келген сұрақтар бойынша Сізге қолжетімді болғымыз келеді. Егер осы құпиялылық туралы құжат жауап бере алмайтын сіздің сұрақтарыңыз болса немесе сіз толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, өтінеміз, бізбен мына мекенжайы бойынша хабарласыңыз:
«WOERWAG PHARMA GmbH and Co.KG» өкілдігі
Алматы қ, Бостандық ауданы, индексі 050040/A15T0G9,                                 
Тимирязев көш., 28 «В», «АЛАТАУ ГРАНД» бизнес орталығы, 3-қабат, 310-кеңсе       
Электронды пошта: info@woerwagpharma.kz

Қауіпсіздік туралы хабарлама

Сіздің жеке ақпаратыңызды сақтау үшін және ол үшінші тұлғаларға қолжетімсіз болу үшін біз барлық күшімізді салып, бүкіл техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерімізді қолданамыз.

Cookies